Шәлекенов Санжар Болатұлы - медицина ғылымдарының кандидаты, PhD-Doctor der Medizin (Германия), Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің урология және андрология кафедрасының доценті (ҚазМҮБУ), Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ урология кафедрасының доценті. С. Ж. Асфендияров атындағы
Қазақ ұлттық медицина университетінің «Емдеу ісі» мамандығы бойынша; «Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институты» РМҚК; «Хирургия» мамандығы бойынша интернатураны, клиникалық ординатураны бітірген, біліктілігі – «Уролог-онколог»; «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «ҚДЖМ» Қазақстандық медицина университетінде магистратураны бітірген. Санжар Болатұлы еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласының №12 орталық қалалық клиникалық ауруханасында уроандрология бөлімшесінде бастаған. Содан кейін - Алматы қалалық дәрігерлерді жетілдіру институтында урология кафедрасында клиникалық ординатор болып жұмыс істеді.
2009 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы қалалық Дәрігерлерді жетілдіру институтында урология кафедрасының медицина ғылымдарының кандидатының ассистенті, одан кейін Астана қаласының «Республикалық шұғыл медициналық көмек ғылыми орталығы» АҚ урология бөлімшесінің дәрігері болып жұмыс істеді. 2010 жылдың тамызы мен 2011 жыл аралығында Астана қаласының №2 қалалық клиникалық ауруханасында урология бөлімшесінің эндоскопист дәрігері, кейін «Астана қаласының ПІБ ауруханасы» РМК консультациялық-диагностикалық бөлімшесінің дәрігері болды. «Алматы қаласының қалалық жедел жәрдем ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігерінің орынбасары қызметін атқарды. 2017-2019 жылдары - Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің урология және андрология кафедрасының доценті, 2019-2021 жылдары – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ урология кафедрасының доценті, 2021 жылғы сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС-да ғылыми және білім беру қызметі жөніндегі Басқарушы директор лауазымын атқара отырып, Нұр-Сұлтан қаласының «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС Басқарма Төрағасының ғылыми және білім беру қызметі жөніндегі басқарушы директоры лауазымын атқарады.
2023 жылдың наурыз-тамыз айлары аралығында Астана қаласының «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС Басқарма төрағасының міндетін атқарды.