Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Бейсенбі, 24 Тамыз 2023

Медициналық бұйымдарды көтерме немесе бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабарлама беру тәртібі Featured

Rate this item
(1 Vote)

dtnsaulyk 12 2022ҚР 2020 жылғы 7 шiлдедегi «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 24 тармағына сәйкес медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткiзу хабарлама жасау бойынша жүзеге асырылады.

ҚР 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» № 202-V ҚРЗ Заңның 46 тармағына сәйкес өтініш берушілер рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (elicense.kz порталы) арқылы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын Мемлекеттік органға тиісті хабарлама жіберілгеннен кейін дереу медициналық бұйымдарды көтерме немесе бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастауға құқылы немесе тоқтатуға міндетті.

Мемлекеттік орган хабарламаны қабылдағаннан кейін өтініш беруші медициналық бұйымдардың көтерме немесе бөлшек саудада өткiзу жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабарлама-талонын алады және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне автоматты түрде енгізіледі.

Заңды және жеке тұлғалардың (Бір рет қолданылатын медициналық маскалар, зарарсыздандырылған және зарарсыздандырылмаған медициналық қолғаптар) медициналық бұйымдардың көтерме немесе бөлшек саудада өткiзу жөніндегі қызметтің басталғаны туралы Хабарлама Талонын жоқ медициналық бұйымдарды көтерме немесе бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметпен айналысқаны үшін ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 05.07.2014 жылғы №235-V ҚРЗ Кодексінің 463-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген. (Тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – 15 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 25 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір 150 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал лицензиясыз кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірісті (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады).

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің Шымкент қаласы бойынша департаменті.

Read 1096 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top