Аталған меморандумның негізгі мақсаты - ҰҒДСДО мен Pfizer арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты орнату арқылы еліміздің денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға бағытталған.
Сонымен қатар, келісім аясында екі ұйым елдегі бірқатар бірлескен іс-шараларда, оның ішінде әртүрлі жобаларға инвестициялар тартуда, медициналық және зертханалық ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, нақты клиникалық практика деректерін бағалау үшін ғылыми жобаларды жүргізу бойынша бірлесуге, инвестициялық жобаларды әзірлеуде және оларды іске асыру үшін жағдайлар жасауда өзара іс-қимыл жасауға уағдаластық жасалды.
Кездесу барысында тараптар, осы құжаттың қол қойылуы елдің денсаулық сақтау саласын халықаралық деңгейде дамыту жөніндегі миссияны бірлесіп іске асыруға серпін беретінін атап өтті.
Анықтама:
«Pfizer» биофармацевтикалық компаниясы денсаулық сақтау саласындағы жобаларды әзірлеумен айналысатын әлемдегі ең ірі фармацевтикалық компаниялардың бірі болып табылады.
Компания 170 жылдан астам уақыт бойы адамдардың игілігі үшін жұмыс істеуде. Біздің елімізбен Pfizer 1995 жылдан бастап инновациялық терапиядағы және аурудың алдын алудағы алдыңғы қатарлы шешімдердің көмегімен қоғамдық денсаулықты нығайту үшін үздіксіз ынтымақтасуда.