«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін, Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені, Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін бекіту туралы» 2019 жылғы 3 шілдедегі № 470 және «Адамның өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін тигізетін, күшті әсер ететін заттардың тізбесін айқындау туралы» 2021 жылғы 10 маусымдағы № 396 Қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 20.03.2023ж. № 240 Қаулысымен «Калий перманганаты» химиялық заты «Бақылаудағы прекурсорлардың (есірткіні және психотроптық заттарды заңсыз дайындау кезінде жиі пайдаланылатын өсімдіктер мен химиялық заттардың) тізімі» IV кестесіне (бұдан әрі - IV Кесте) еңгізілген.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР 07.07.2020 ж. №360 - VI ҚРЗ Кодексінің 17-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес: - «Денсаулық сақтау саласында мынадай қызмет түрлерін лицензиялау жүзеге асырылады:... 2) фармацевтикалық қызмет; 3) денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет...».
ҚР 16.05.2014ж. № 202-V ЗРК «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 28-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес – «Мынадай салалардағы қызметтің немесе әрекеттердің (операциялардың) жекелеген түрлері лицензиялауға жатады:... есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы».
Сонымен қатар, ҚР 10.07.1998ж. №279 «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Заңының 7-бабының 1-тармағында: - «Қазақстан Республикасының аумағында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтің барлық түрлерін заңды тұлғалар жүзеге асырады. осы Заңның 19, 20-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамдар бес жылға дейінгі мерзімге қызметтің нақты түріне лицензия алғаннан кейін» - деліген.
Бұдан бөлек, ҚР ДСМ 26.01.2014ж. №32 «Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың прекурсорларын медициналық мақсаттарда пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (бұдан әрі – №ҚР ДСМ № 32 бұйрығы) 36-тармағының талаптарына сәйкес: - «Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар және олардың II, III, IV Кестелеріндегі прекурсорлары бар дәрілік заттар дәріхана ұйымдарынан босатылады: 1) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының Денсаулық сақтау жүйесіндегі айналымы саласында жұмыс істеу құқығына лицензиясы бар заңды тұлғаларға есірткіге қойылатын талап бойынша осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес құралдар, психотроптық заттар және олардың прекурсорлары сенімхат негізінде» (бұдан әрі - ҚР ДСМ № 32 Бұйрығы).
Осылайша, ҚР аумағында №470 қаулысының IV кестесіне енгізілген «Калий перманганаты» медициналық бұйымын көтерме және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін субъектілер фармацевтикалық қызметке мемлекеттік лицензия, сондай-ақ, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке мемлекеттік лицензия алу тиіс.
Сонымен қатар, Департамент медициналық және фармацевтикалық қызмет субъектілерінің прекурсорларды тасымалдау, сақтау, өткізу және қолдану мәселелері ҚР ДСМ № 32 Бұйрығымен реттелетінін хабарлайды.