Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Жұма, 11 Тамыз 2023

ЕАЭО Фармакопеялық комитетінің төрайымы Ардақ Төлегенова Еуразиялық интеграцияны дамытуға қосқан үлесі үшін марапатқа ие болды Featured

Rate this item
(1 Vote)

a tulegenova 08 2023Бүгін Алматыда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) Фармакопеялық комитетінің төрайымы, «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» Мемлекеттік фармакопея және ЕАЭОфармакопеясын жетілдіру басқармасының басшысы, фармацевтикалық ғылымдар докторы, профессор Ардақ Төлегенованы Еуразиялық интеграцияны дамытуға қосқан үлесі үшінбелгісімен марапаттау рәсімі өтті. Кеуде белгісін осы мақсатта Қазақстанға арнайы келген Еуразияэкономикалық комиссиясы Техникалық реттеужәне аккредиттеу департаментінің директоры Тимур Нұрашев табыс етті. Бұл туралы Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, салтанатты кездесугеАлматыдағы ДЗСҰО филиалының директоры Бақыт Абдиманова, Қазақстан Республикасы фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова, ДЗСҰО Ғылыми-білім беру орталығының басшысы, профессор, медицина ғылымдарыныңдокторы және ҚР ҰҒА академигі Раиса Күзденбаева, ДЗСҰО сарапшысы, профессор, медицина ғылымдарының докторы Жаннат Сатыбалдиева, ДЗСҰО сарапшысы, профессор, медицина ғылымдарының докторы Павел Дерябин, ДЗСҰО Зертханалары бар Сынақ орталығының басшысы, фармацевтикалық ғылымдар кандидатыАқмарал Қабденова және орталықтың басқа да қызметкерлері қатысты.

«Еуразиялық интеграцияны дамытуға қосқанелеулі үлесі, еуразиялық интеграцияны дамытуға атсалысу саласындағы ерекше үлгісі үшін Еуразия экономикалық комиссияның «Еуразиялық интеграцияны дамытуға қосқан үлесі үшін» кеуде белгісімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық жәнефармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басқарма басшысы ТөлегеноваАрдақ Орынбасарқызы марапатталады», – деп ЕЭК алқасының төрағасы Михаил Мясниковичтің 21.07.23 жылғы №19/11 бұйрығын оқыды Тимур Нұрашев.

Ол, сонымен қатар, Қазақстанныңинтеграцияны әріқарай дамыту, оның ішінде ЕАЭО аумағындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымын реттеуге қатысты ұсыныстарды әзірлеуге зор үлес қосумен Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысына белсенді қатысатынын атап өтті.

Ардақ Төлегенова ЕАЭО Фармакопеялықкомитетін 2020 жылдан басқарып келеді. 2023 жылғы наурызда ол 5 ЕАЭО мүше мемлекеті өкілдерінің жасырын дауыс беруі нәтижесіндекомитет төрайымы болып қайта сайланды. 2005жылдан бастап оның кәсіби қызметі «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығымен» байланысты, онда ол Мемлекеттік фармакопея және ЕАЭО фармакопеясын жетілдіру басқармасын дамытуға жетекшілік етеді.

Ардақ Төлегенованың атында 250 жуық жарияланымның, оның ішінде 193 ғылыми еңбектің, 11 өнертапқыштыққа берілген авторлық куәліктің, 37 оқу-әдістемелік еңбектің тіркелгенін қосымша атап өтеміз. Ол «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін және бірқатар Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО нормативтік-құқықтықактілерін әзірлеуге қатысты.

Фармакопеяның, негіз қалаушы құжат ретінде, дәрілік заттарды тіркеу және сапасын бақылау үшін зор маңызы бар. Одақ Фармакопеясы Еуропалық фармакопеядан кейінгі әлемдегі екінші аймақтық фармакопея және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Әлемдік фармакопеялар тізіміндегі 50-ші фармакопея болып табылады. Оның талаптары дәрілік заттарды өндірумен, дайындаумен, өткізумен, сақтаумен, сараптаумен, тіркеумен, бақылаумен және қолданумен айналысатын ЕАЭО мүше мемлекеттерінің барлық кәсіпорындары мен ұйымдары үшін міндетті.

ЕАЭО Фармакопеялық комитетінде Қазақстан Республикасының төрағалық етуі тұрғылықты халықтың денсаулық мүддесін қорғау және отандық фармацевтикалық өнеркәсіпке қолдау көрсету тұрғысынан Одақ Фармакопеясын әлемнің жетекші фармакопеяларының фармакопеялық стандарттарымен үйлестіруде Қазақстан Республикасының ұстанымын таныту мүмкіндігін береді.

Read 1288 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top