Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Бейсенбі, 29 Маусым 2023

Қазақстандағы «АстраЗенека» өкілдігінің директоры лауазымына Мария Шипулева тағайындалды

Rate this item
(2 votes)

astra zeneka 2023«АстраЗенека» халықаралық биофармацевтикалық компаниясы Мария Шипулеваны 2023 жылғы 21 маусымнан бастап Қазақстандағы өкілдіктің директоры етіп жариялады.

Марияның «АстраЗенека», «Новартис» және «ГлаксоСмитКлайн» (GSK) сияқты халықаралық фармацевтикалық компанияларда басшылық лауазымдарда көп жылдық тәжірибесі бар. Ол «АстраЗенекада» Ресей бойынша жауапкершілігі арта түсетін лауазымдарда және Ұлыбританияда жаһандық деңгейдегі қызметтерде 9 жылдық тәжірибе жинақтаған.

Мария Эссекс университетінде (University of Essex), Ұлыбритания биохимия және молекулалық медицина бакалавры дәрежесін алды, бұған қоса Лондон Экономика және саяси ғылымдар мектебінің (London School of Economics and Political Sciences), Ұлыбритания, Даму мен әлеуметтік антропологияны басқару саласы ғылымдарының магистрі дәрежесін иемденген.

«АстраЗенека» Қазақстан директоры лауазымында Мария онкология, кардиология, нефрология мен метаболизм, тыныс алу, аутоиммунды және сирек кездесетін аурулар сынды бизнестің негізгі бағыттарын дамыту бойынша еңбек етеді, сондай-ақ қазақстандық пациенттер үшін «АстраЗенека»  компаниясы портфеліндегі инновациялық дәрілік заттарға қолжетімділікті арттыруға ықпал етуге күш салады.

«Мен Қазақстандағы қарқынды өсу мен қарыштап даму кезеңінде «АстраЗенека» командасына қосылуға қуаныштымын. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттің сенімді серіктесі бола отырып, біз миллиондаған қазақстандық пациенттер үшін инновациялық терапияның қолжетімділігін арттыру жолында бар күшімізді саламыз. Қазіргі уақытта Қазақстанда компанияның 40-тан астам препараты тіркелген. 2026 жылға қарай «АстраЗенека»  Қазақстан нарығына 15-тен астам жаңа өнімді шығаруды жоспарлап отыр. Біз ғылыми жетістіктердің күшіне нық сенеміз және пациенттердің өмірін жақсы жаққа өзгертетін препараттарды өндіріп, оларды Қазақстан нарығына шығаруды жалғастырамыз», – деп өз тағайындалуын атап өтті Мария Шипулева.

«АстраЗенека» Қазақстанда 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Компанияның өкілдігі Алматы қаласында орналасқан. 2021 жылы «АстраЗенека» компаниясы мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, оның мақсаты 2025 жылға қарай азаматтардың өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін арттыруға жәрдемдесу болып табылады. Меморандум шеңберінде компания денсаулық сақтау мамандарын оқыту, өндірісті локализациялау, аурулардың диагностикасын жақсарту және денсаулық сақтауды цифрландыру сияқты бағыттар бойынша мемлекетпен ынтымақтаса қызмет етеді.

Read 1370 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top