Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Бейсенбі, 21 Қараша 2024

Трастузумаб дерукстекан препараты Қазақстанда тіркелді Featured

Rate this item
(0 votes)

tab pharmreviews 04 2023Қазақстанда «АстраЗенека» компаниясының «Энхерту» (трастузумаб дерукстекан) препараты тіркелді. Бұл препарат бірнеше жағдайда көрсетілген: ересек пациенттерде HER2-позитивті, операция жасауға келмейтін немесе метастатикалық сүт безі қатерлі ісігін монотерапия ретінде емдеуге, бұрын метастаздық ауруға байланысты химиотерапия алған немесе адъювантты химиотерапияны аяқтағаннан кейін немесе 6 ай ішінде ауру қайталанатын, резекцияланбайтын немесе метастаздық HER2 деңгейі төмен сүт безі обыры кезінде, ісіктері белсендіруші HER2 (ERBB2) мутациясы бар және иммунотерапиямен немесе онсыз платина негізіндегі химиотерапиядан кейін жүйелі терапияны қажет ететін дамыған ұсақ жасушалы емес өкпенің қатерлі ісігі бар, және бұрын трастузумаб негізіндегі режиммен емделген асқазанның немесе гастроэзофагеальды түйіннің HER2-оң аденокарциномасы кезінде.

Трастузумаб дерукстекан нақты HER2-ге арнайы жасалған және мақсатты түрде оған әсер ететін антидене-дәрілік конъюгат (ADC – antibody drug conjugate).

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мақұлдауы DESTINY-Breast01 ІІ фазалық зерттеуінің нәтижесіне негізделген. Бұл зерттеуде тым көп ем алған науқастарға (орта есеппен емдеудің 6 тізбегін өткендер) трастузумаб дерукстекан препаратымен монотерапия жүргізу пациенттердің 97,3%-ында1 ауруын бақылауға, ал пациенттердің 62%-ында2 объективті жауапқа қол жеткізуге мүмкіндік беретіні көрсетілді. DESTINY-Breast01 зерттеуінде аурудың өршуінсіз өміршеңдік 19,4 айды құраған, ал жалпы өміршеңдік 29,1 ай болған. Осылайша трастузумаб дерукстекан препаратын терапияның үшінші және одан да кейінгі тізбектерінде қолдану аурудың белгілерін едәуір жақсартуға және өмір сүру көрсеткіштерінің айтарлықтай жақсаруына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сүт безінің қатерлі ісігі жоғары сырқаттанушылық және өлім көрсеткішінің үлкен болуына байланысты онкологиялық аурулар арасында көш бастап тұрған айтарлықтай үлкен проблема. Қазақстанда жыл сайын орта есеппен сүт безінің қатерлі ісігінің жаңа 5000 жағдайы тіркеледі. Бұл ретте 1200-ге жуық науқас өліп кетеді3.

HER2-оң тип тармағы сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққан әр бесінші науқаста кездеседі және аурудың қарқынды ағынымен сипатталады. Алайда дұрыс терапия жүргізілген болса, басқа биологиялық тип тармақтармен салыстырған кезде осы тип тармақ жақсы болжаммен ерекшеленеді7-10.

Қазіргі кезде метастатикалық HER2-оң сүт безінің қатерлі ісігіне қатысты тиімді таргетті терапияның екі тізбегін жүргізгеннен кейін емдеудің стандартты тәсілдерін қолдану қатты шектеледі, ал тиімділік көрсеткіштері өте төмен болып қала береді (терапияға жауап жиілігі 9-дан 31%-ды құрайды, ал аурудың өршуінсіз өміршеңдік 3-6 айдан аспайды)7-10. Осылайша тым көп ем алған пациенттерге терапия жүргізу үшін тиімділігі жоғары жаңа таргетті анти-HER2 препараттарын күнделікті практикаға енгізуге деген орасан зор қанағаттандырылмаған қажеттілік бар.

«АстраЗенека» компаниясы туралы

«АстраЗенека» (LSE/STO/Nasdaq: AZN) онкология, кардиология, нефрология мен метаболизм, тыныс алу және аутоиммундық, сондай-ақ сирек кездесетін аурулар сияқты терапевтік салаларға басымдық бере отырып, рецепт бойынша берілетін дәрілік заттарды зерттеу, әзірлеу және нарыққа шығаруға маманданған халықаралық ғылыми-бағдарланған биофармацевтикалық компания. Негізгі кеңсесі Кембриджде (Ұлыбритания) орналасқан «АстраЗенека» компаниясы бүгінге 100-ден аса елде жұмыс істейді, ал оның инновациялық препараттарын әлем бойынша миллиондаған пациент пайдаланып жүр. Компания жаңалықтарын astrazeneca.kz сайтында оқи аласыз.

Қосымша

Сүт безінің HER2-оң қатерлі ісігі туралы

Сүт безінің қатерлі ісігі - қатерлі ісіктің ең кең тараған түрі және бүкіл әлемде онкологиялық өлімге әкелетін себептердің бірі11. 2020 жылы бүкіл әлемде сүт безі қатерлі ісігінің екі миллионнан аса жағдайы анықталды, ауру салдарынан шамамен 685 000 пациент көз жұмды11. Еуропада сүт безінің қатерлі ісігі жыл сайын 530 мыңнан аса пациенттен анықталады14. Сүт безі қатерлі ісігінің әр бесінші жағдайы HER2-оң тип тармағына жатады15.

HER2 ақуызы - жазуша өсуін ынталандыратын тирозинкиназды рецептор. Бұл ақуыз сүт безі, асқазан, өкпе және тоқ ішектің қатерлі ісігін қоса алғанда ісіктердің көп типтерінің жасушалары бетінде шоғырланады12. HER2 ақуызының гиперэкспрессиясы HER2 генінің амплификациясы нәтижесінде байқалады. Көп жағдайда бұл құбылыс агрессивті ауру формалары және сүт безінің қатерлі ісігі кезінде теріс болжаммен қатар жүреді13.

Трастузумаб, пертузумаб және таксандармен жүргізілген терапияға қарамастан сүт безінің HER2-оң метастатикалық қатерлі ісігі бар пациенттерде аурудың өршуі жиі байқалады16,17. Ауру өршуін әрі қарай шегеріп, өміршеңдікті арттыру үшін терапияның жаңа нұсқалары қажет16,18,19.

DESTINY-Breast011 зерттеуі туралы

DESTINY-Breast01 — екі бөліктен тұратын ашық, ауқымды, көпорталықты ІІ фазалық тіркелген зерттеу. Бұл зерттеуде бұған дейін анти-HER2 терапиясын алған, сүт безінің ота жасалмайтын HER2-оң және/немесе метастатикалық ісігі бар пациенттерде трастузумаб дерукстеканды қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі зерделенді. Зерттеудің бастапқы соңғы нүктесі тәуелсіз орталық бағалау бойынша объективті жауаптардың жиілігі болды. Екінші мақсатты зерттеулер жауаптың ұзақтығы, ауруды бақылау жиілігі, клиникалық пайдасы, аурудың өршуінсіз өміршеңдік пен жалпы өміршеңдікті қамтыды.

DESTINY-Breast0320 зерттеуі туралы

DESTINY-Breast03 — препараттарды тікелей салыстыру мен III фазалық халықаралық рандомизацияланған ашық тіркеу зерттеуі. Мұндай салыстыру сүт безінің HER2-оң ота жасауға болмайтын және/немесе метастатикалық ісігі бар, бұған дейін трастузумаб және таксандармен ем алған пациенттерде T-DM1 препараты мен салыстырғанда трастузумаб дерукстеканның (5,4 мг/кг) тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалауға арналады.

DESTINY-Breast03 зерттеуіндегі тиімділіктің бастапқы түпкі нүктесі тәуелсіз жасырын орталықтандырылған бағалау негізінде аурудың өршуінсіз өміршеңдік (АӨӨ) болды. Негізгі екінші қайтара түпкі нүкте жалпы өміршеңдік (ЖӨ) болды. Тиімділіктің екінші қайтара түпкі нүктелері қисынды жауап жиілігін (ҚЖЖ), жауаптың ұзақтығы және зерттеушінің бағалауы бойынша аурудың өршуінсіз өміршеңдікті (АӨӨ) қамтиды.

DESTINY-Breast03 зерттеуіне Азия, Еуропа, Солтүстік Америка, Океания мен Оңтүстік Африкадағы көптеген орталықтарында ем алып жүрген 524 пациент қамтылды. DESTINY-Breast03 зерттеуінің нәтижесі The New England Journal of Medicine20 журналында жарияланды. Осы зерттеу туралы қосымша ақпаратты ClinicalTrials.gov сайтынан қараңыз.

Трастузумаб дерукстекан21,22, 23,24 препараты туралы

Трастузумаб дерукстекан HER2-ге қарсы антиденеге негізделген химиялық препараты (ADC) бар моноклонды антидене конъюгаты. Бұл препаратты туынды экзатекан (DXd) негізінде ADC өндіруші «Даичи Санкио» компаниясы патенттелген технология бойынша әзірлеген. Трастузумаб дерукстекан - «Даичи Санкио» компаниясының онкологиялық препараттар портфеліндегі негізгі ADC. Оның зерттеуі «AstraZeneca» компаниясының ADC зерделеудің ең озық ғылыми бағдарламасы болып саналады. Трастузумаб дерукстекан HER2-ге қарсы моноклонды антиденеден тұрады. Бұл антидене тетрапептид негізіндегі тұрақты ыдырайтын линкер көмегімен дәрілік зат, І топоизамераза ингибиторымен (туынды экзатекан) байланыстырылған.

DESTINY-Breast03 зерттеу нәтижесі негізінде трастузумаб дерукстекан (5,4 мг/кг) сүт безінің ота жасауға болмайтын немесе метастатикалық HER2-оң қатерлі ісігі бар пациенттерді емдеу үшін 30-дан аса елде тіркелген. Бұл ретте аталған пациенттер бұған дейін аурудың метастатикалық стадиясы кезінде немесе емдеу уақытында не терапия аяқталғаннан кейін алты ай ішінде аурудың өршуі дамыған кезде неоадъювант/адъювант терапия ретінде анти-HER2 терапиясын (бір немесе одан да көп тізбек) алған.

DESTINY-Breast01 зерттеу нәтижесі негізінде трастузумаб дерукстекан (5,4 мг/кг) сүт безінің ота жасауға келмейтін немесе метастатикалық HER2-оң қатерлі ісігі бар, бұған дейін HER2-ге қарсы препараттарды қоса отырып, екі немесе одан да көп алдыңғы терапия тізбектерін алған ересек пациенттерді емдеу үшін бірнеше елде тіркелген.

DESTINY-Gastric01 зерттеу нәтижесі негізінде трастузумаб дерукстекан (6,4 мг/кг) асқазан немесе асқазан-өңеш жолының жергілікті таралған немесе метастатикалық HER2-оң аденокарциномасы бар, бұған дейін трастузумабпен терапия алған ересек пациенттерді емдеу үшін бірқатар елде мақұлданған препарат.

DESTINY-Breast04 зерттеу нәтижесі бойынша трастузумаб дерукстекан препараты АҚШ-та сүт безінің HER2-әлсін оң (ИГХ 1+ немесе ИГХ 2+/ISH) ота жасауға келмейтін немесе метастатикалық қатерлі ісігі бар, бұған дейін емдеу кезінде немесе адъювантты химиотерапия аяқталғаннан кейін алты ай ішінде метастаз немесе аурудың өршуі болған кезде жүйелі терапия алған ересек пациенттерді емдеуде озық терапия мәртебесін алды. Сүт безінің HR-оң қатерлі ісігі бар пациенттер қосымша эндокринді терапияны алуы керек болған, немесе олардың жағдайында эндрокринді химиялық терапия алу мүмкін болмауы керек еді.

«Даичи Санкио» компаниясымен ынтымақтастық туралы

«Даичи Санкио Компани, Лимитед» (TSE:4568) ) [бұдан әрі — «Даичи Санкио»] және «АстраЗенека» компаниялары 2019 жылдың наурызында трастузумаб дерукстекан (HER2-рецепторға антидене негізінде ADC) препаратын және 2020 жылдың шілдесінде датопотамаб дерукстекан (DS-1062; TROP2-рецепторға антидене негізінде ADC) препаратын бірлесіп әзірлеу және әлемдік нарыққа шығару туралы халықаралық келісімшарт жасасты (Жапонияда айрықша құқық «Дайчи Санкио» компаниясына ғана тиесілі). «Даичи Санкио» компаниясы трастузумаб дерукстекан и датопотамаб дерукстекан препараттарын өндіру және жеткізуге жауапты.

«АстраЗенека» компаниясының сүт безі қатерлі ісігін емдеу саласындағы жұмысы туралы

«АстраЗенека» компаниясы сүт безінің қатерлі ісі биологиясы саласына терең үңілу, білім жинақтау арқылы онкологиялық ауруларға қарсы тұрып, сәйкес қажеттілктері бар пациенттерді емдеу тиімділігін арттыру үшін сүт безі қатерлі ісігінің қолданыстағы клиникалық жіктеу тұжырымдамасы мен емдеу жолдарын қайта қарауға дайын. Компания өз алдына алдағы уақытта сүт безінің қатерлі ісігін өлімге әкелетін аурулар қатарынан жою бойынша өршіл мақсат қойып отыр.

«АстраЗенека» компаниясының портфелі сүт безі қатерлі ісігінің жасушаларына түрлі әсер ету механизмі бар мақұлданған әрі сәтті әзірленіп жатқан препараттардың кең ауқымынан тұрады.

«АстраЗенека» компаниясының мамандары фулвестрант және гозерелин сынды базалық преператтар, сондай-ақ эстрогенді рецепторлардың селективті супрессорлар (ЭРСС) тобының инновациялық ауыз арқылы қолданылатын препараты және әлеуетті жаңа камизестрант дәрілік препараты көмегімен сүт безінің гормон-рецептор-оң қатерлі ісігін емдеу нәтижелерін әр қарай жақсартуға барын салып келеді.

PARP олапариб ингибиторы таргетті терапнияның бір нұсқасы. Бұл терапия сүт безінің HER2-теріс қатерлі ісігі және аурудын ерте стадиялары мен метастаздар пайда болуы кезінде BRCA гендерінде герминальді мутациялары бар пациенттерде зерделенді. «АстраЗенека» және «МСД» (АҚШ пен Канадада («Мерк энд Ко., Инк.») компаниялары BRCA тұқым қуалайтын мутациясы бар метастатикалық сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын пациенттердің бойындағы олапариб белгілерін зерттеуді жалғастырып, осы науқастарды аурудың ерте кезеңдерде емдеудің жаңа мүмкіндіктерін зерделеп келеді.

«АстраЗенека» және «Даичи Санкио» компаниялары сүт безінің метастатикалық қатерлі ісігі кезінде анти-HER2 терапиясын алған пациенттерді емдеу үшін трастузумаб дерукстекан препаратының тіркеу зерттеулері нәтижесін ескереді. Сонымен қатар терапияның ерте тізбектерінде және сүт безі қатерлі ісігі диагнозын алғаш рет анықтаған кезде осы препаратты қолдану әлеуетін зерделеп келеді.

Үш есе теріс көрсеткішті (сүт безі қатерлі ісігінің қарқынды формасы) сүт безі қатерлі ісігі бар пациенттерге өте қажетті ем нұсқаларын ұсыну үшін «АстраЗенека» компаниясы олапариб пен трастузумаб дерукстеканды қоса алғанда, қатерлі ісіктерге қарсы басқа да препараттармен үйлесімде дурвалумаб препаратының иммунотерапиясын зерттеп жатыр. Сонымен қатар химиялық терпаиямен сабақтастықта AKT-киназа капивасертиб ингибиторының әлеуетін бағалайды. Компания датопотамаб дерукстекан, TROP2 антидене конъюгатының дәрілік препаратпен әлеуетін зерттеу мақсатында «Даичи Санкио» компаниясымен тығыз ынтымақтастық құрған.


Дереккөздер тізімі:

1. Modi S et al. N Engl J Med 2020;382:610-21
2. Saura C, et al. ESMO 2021. Poster 279P
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі. Қазақстанда жыл сайын 5000-ға жуық сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын науқас анықталады. https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/439582?lang=ru
4. Gonzalez-Angulo AM, et al. J Clin Oncol 2009; 27: 5700-6.
5. Onitilo AA, et al. Clin Med Res 2009; 7: 4-13
6. Slamon DJ, et al. Science 1987; 235: 177-82
7. Swain SM, et al. N Engl J Med 2015; 372: 724-34
8. Swain SM, et al. J Clin Oncol 2019; 15: Suppl: 1020.abstract
9. Verma S, et al. N Engl J Med 2012; 367: 1783-91
10. Krop IE, et al. Lancet Oncol 2014; 15:689-99
11. Sung H, et al. Global Cancer Statistics 2020: GLOBOCAN Estimates of Incidence and Mortality Worldwide for 36 Cancers in 185 Countries. CA Cancer J Clin. 2021; 10.3322/caac.21660.
12. Iqbal N, et al. Human Epidermal Growth Factor Receptor 2 (HER2) in Cancers: Overexpression and Therapeutic Implications. Mol Biol Int. 2014;852748.
13. Pillai R, et al. HER2 mutations in lung adenocarcinomas: A report from the Lung Cancer Mutation Consortium. Cancer. 2017;1;123(21):4099-4105.
14. Globocan 2020. Europe Fact Sheets. Мына сілтеме бойынша: https://gco.iarc.fr/today/data/factsheets/populations/908-europe-fact-sheets.pdf. Соңғы дерек: 2022 жылғы шілде.
15. Ahn S, et al. HER2 status in breast cancer: changes in guidelines and complicating factors for interpretation. J Pathol Transl Med. 2020; 54(1): 34-44.
16. Barok M, et al. Trastuzumab emtansine: mechanism of action and drug resistance. Breast Cancer Res. 2014; 16(2):209.
17. Nader-Marta G, et al. How we treat patients with metastatic HER2-positive breast cancer. ESMO Open. 2022; 7:1
18. Mounsey L, et al. Changing Natural History of HER2-Positive Breast Cancer Metastatic to the Brain in the Era of New Targeted Therapies. Clin Breast Cancer. 2018; 18(1):29-37.
19. Martinez-S Sáez O, et al. Current and Future Management of HER2-Positive Metastatic Breast Cancer. JCO Oncol Pract. 2021. 10.1200/OP.21.00172.
20. Cortes J, et al. Trastuzumab Deruxtecan versus Trastuzumab Emtansine for Breast Cancer. N Engl J Med. 2022; 386:1143-1154
21. Nakada T, et al. Chem Pharm Bull (Tokyo). 2019;67(3):173-185.
22. Ogitani Y, et al. Clin Cancer Res. 2016;22(20):5097-5108

Read 110 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top