Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Дүйсенбі, 16 Қыркүйек 2024

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 4 маусымдағы No 361 бұйрығы Featured

Rate this item
(0 votes)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссия мүшелігіне кандидаттарды іріктеудің кейбір мәселелері туралы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 101) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 215 бұйрығымен бекітілген Формулярлық комиссиясы туралы Ереженің 7-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының мүшелігіне кандидаттарды іріктеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.

2. Жұмыс тобына:

1) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өткізу шарттары мен орнына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының мүшелігіне кандидаттарды іріктеуді жүргізуге;

2) іріктеу нәтижелері бойынша Формулярлық комиссияның құрамын қалыптастыру жөнінде ұсынымдар берілсін.

3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының мүшелігіне кандидаттарды іріктеу жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 219 бұйрығының күші жойылсын.

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің дәрілік саясат департаменті осы бұйрық қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қамтамасыз етсін:

1) оны Министрліктің интернет-ресурсында орналастыру;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшада көзделген мәліметтерді көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының мүшелігіне кандидаттарды іріктеу туралы хабарландыруды жариялау.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Әлназарова 

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2024 жылғы _____ _________
№ ____ бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының мүшелігіне кандидаттарды іріктеуді жүргізу бойынша жұмыс тобы 

Сұлтанғазиев Тимур Сламжанұлы - Бірінші вице-министр, комиссия төрағасы

Байжунусов Эрик Абенович - Министрдің штаттан тыс кеңесшісі

Медеубеков Улугбек Шалхарович - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры, төрағаның орынбасары

Сыздыкова Ботагоз Мухамедкалиевна - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Дәрі-дәрмек саясаты департаменті директорының м. а.

Ембергенова Магрипа Хамитовна - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры

Бегалиева Гулдей Турехановна - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің дәрілік қамтамасыз ету басқармасының басшысы

Алдажарова Жанна Козтаевна - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің дәрілік қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, хатшы*

Құлқаева Гульнара Өтепбергеновна - «Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК-ның бас директоры

* комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды

Read 2007 times

ҚҰЖАТТАР

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top