Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Сейсенбі, 30 Қаңтар 2024

Ұлытау облыстық мәслихатының 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 11/105 шешімі Featured

Rate this item
(1 Vote)

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Ұлытау облысында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы.

Қазақстан Республикасы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Ұлытау облысында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсынылсын.

Медициналық көмек алуға жіберілетін азаматқа теміржол көлігінде (екі жаққа да) жол жүру құнын төлеу жүзеге асырылады.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Б. Шингисов.

Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 23 қаңтарда № 88-20 болып тіркелді.

Read 1674 times

ҚҰЖАТТАР

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top