Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Сейсенбі, 07 Қараша 2023

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 4 тамыздағы № 5-2 шешімі Featured

Rate this item
(0 votes)

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №38-3 «Батыс Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-3 «Батыс Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6407 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

1 бөлімдегі:

үшінші жол келесідей редакцияда жазылсын:

«

3.

Ағзалар мен тіндерді трансплантациялаудан кейінгі жағдай

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Тенофовир Алафенамид, үбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

»;

      мынадай мазмұндағы жиырма үшінші жолмен толықтырылсын:

«

23.

Аналық бездің қатерлі ісігі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Линпарза, үбірлі қабықпен қапталған таблетка

».

      мынадай мазмұндағы жиырма төртінші жолмен толықтырылсын:

«

24

Өкпенің қатерлі ісігі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Атезолизумаб ертінді дайындауға арналған концетрат

».

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыстық мәслихат төрағасы М. Мұқаев.

Read 1056 times

ҚҰЖАТТАР

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top