Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Дүйсенбі, 06 Қараша 2023

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 27 қазандағы № 156 бұйрығы. Featured

Rate this item
(2 votes)

«Қазақстан Республикасында травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № ҚР ДСМ-1 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасында травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № ҚР ДСМ-1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26488 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген Қазақстан Республикасында травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартында (бұдан әрі – Стандарт):

1, 2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қазақстан Республикасында травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес әзірленді және амбулаториялық, стационарлық және стационар алмастыратын жағдайларда жарақаттары, тірек-қимыл аппаратының және сүйек-бұлшықет жүйесінің (бұдан әрі – СБЖ) аурулары бар пациенттерге травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру процестеріне қойылатын талаптар мен қағидаларды белгілейді.

Травматологиялық және ортопедиялық көмек меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымдарымен көрсетіледі.

2. Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының ұсынылатын штат саны осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

3. Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандыру осы Стандартқа 2- қосымшаға сәйкес ұсынылатын жарақтандыру ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;

10-тармақта:

3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) стационарлық жағдайларда:

диагнозға мен КХ сәйкес мамандандырылған, оның ішінде ЖТМП;

тағайындалған ем жүргізу;

дәрігердің күн сайын қарап-тексеруі, ем түзетуі;

бөлімше меңгерушісінің қарап-тексеруі, консультациясы;

медициналық көрсетілімдер бойынша мамандардың консультациясын
өткізу;

«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарына сәйкес медициналық құжаттаманы рәсімдеу;

«Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы №ҚР-ДСМ-27 бұйрығына (бұдан әрі – № ҚР-ДСМ-175/2020 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27218 болып тіркелген) сәйкес пациентті медициналық құжаттаманы рәсімдеумен және науқасқа стационарлық пациенттің медициналық картасынан үзінді көшірмеcін беріп шығару;»;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Осы Стандартқа 3-қосымшаға (бұдан әрі – 3 қосымша) сәйкес тірек- қимыл аппараты аурулары және жарақаттары бар пациенттерге диагностикалық және емдеу іс-шаралары медициналық көмекті өңірлендіруді ескеріле отырып тізбе бойынша жүргізіледі.»;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. СБЖ аурулары мен жарақаттары кезінде стационарлық жағдайдағы медициналық көмек медициналық көмек осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес өңірлендіру деңгейін ескере отырып жүзеге асырылады.»;

30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«30. Денсаулық сақтау ұйымына медициналық көмек алу үшін жүгінген уақытта № ҚР ДСМ-27 бұйрығына сәйкес пациентте алкогольдік, есірткілік немесе уыттық масаң күйінде анықталған кезде медицина қызметкері бұл туралы медициналық картаға жазып, кейіннен медициналық картаға нәтижелерін енгізе отырып, психикаға белсенді әсер ететін заттың құрамын анықтау үшін биологиялық материалды алады.»;

47, 48, 49-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«47. Стационарлық жағдайларда көмек көрсететін бірінші өңірлендіру деңгейдегі медициналық ұйымдарда шокқа қарсы базалық терапия және реанимациялық іс-шаралар жүргізіледі. Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес хирургиялық араласулар жүзеге асырылады. Күрделі жағдайларда жоғары деңгейдегі медициналық ұйымдардың мамандары пациентке қашықтықтан консультациялар беру, шығу және (немесе) ауыстыруды (тасымалдауды) жүзеге асырады.

48. Амбулаториялық жағдайларда СБЖ аурулары мен жарақаттары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін травматолог және ортопед кабинеттері ұйымдастырылады.

Травматолог пен ортопедтің кабинетінде:

1) СБЖ аурулары мен жарақаттары бар пациенттерге консультациялық- диагностикалық және медициналық көмек көрсету;

2) стационарлық жағдайларда емделуге СБЖ аурулары мен жарақаттары бар пациенттерді іріктеу және жіберу;

3) СБЖ аурулары мен жарақаттары бар пациенттерді ЖТМК көрсетуге іріктеу және жіберу;

4) СБЖ туа біткен патологиясы бар балаларды емдеуді жүргізу;

5) СБЖ ауруларының және жарақаттарының салдары бар пациенттерді: жамбастың туа біткен ұршық шықпасы, туа біткен маймақтық, сколиозы, қаңқаның тұқым қуалайтын жүйелік аурулары, қаңқа дамуының ауытқуларымен, ірі буындарды эндопротездеуден кейін остеопорозы бар пациенттерді байқау;

6) еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21660 болып тіркелген) жүзеге асырылады;

7) тірек-қимыл аппаратының және СБЖ функциялары бұзылуының тұрақты белгілері бар пациенттерді медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясына жіберу;

8) ересектер мен балалар арасында сүйек-бұлшықет сырқаттанушылығының және жарақаттанудың профилактикасына оны төмендетуге бағытталған мемлекеттік және өңірлік нысаналы бағдарламаларды орындауға қатысу;

9) қызмет көрсету ауданындағы ересектер мен балалар арасында сырқаттанушылықтың, мүгедектіктің, СБЖ аурулары мен жарақаттардан болатын өлімнің негізгі медициналық-статистикалық көрсеткіштерін мониторингтеу және талдау;

10) қызмет көрсету ауданындағы СБЖ аурулары мен жарақаттары бар пациенттерді профилактикалау, диагностикалау, емдеу, оңалту бойынша консультациялар беру;

11) СБЖ аурулары мен жарақаттары бар пациенттерді профилактикалаудың, диагностикалаудың және емдеудің жаңа әдістерін тәжірибеге енгізу;

12) стационарды алмастыратын жағдайларда пациенттерге көмек көрсету «Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32740 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

Емхананың травматолог және ортопед кабинеті 2-қосымшаға сәйкес амбулаториялық жағдайларда травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсету үшін медициналық бұйымдармен қамтамасыз етіледі.

49. Қызмет көрсетілетін халық саны 120 мың адамнан аз елді мекендерде жарақат алған пациенттерге кезек күттірмейтін медициналық көмек стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдардың қабылдау бөлмелерінде көрсетіледі.

Қызмет көрсетілетін халық саны 120 мың адамнан асатын елді мекендерде жарақат алған пациенттерге кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету үшін травматологиялық пункттер (бұдан әрі – травмпункт) ұйымдастырылады.

100 мың балаға жеке травмпункт құрылады.

Травмпункт облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органының шешімімен:

1) стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін тәулік бойы жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымдардың;

2) демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 8-ден 20-ға дейін жұмыс істейтін амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдардың құрамында ұйымдастырылады.

Травмпункте жеке кіреберіс бар, пандуспен жабдықталған және мынадай үй- жайлар жиынтығы:

тіркеу бөлімі;

күту залы;

дәрігерлік қабылдау үшін кабинет;

операциялық;

таңу бөлмесі;

гипс салу үшін кабинет (гипстік бөлме);

егу бөлмесі;

емшара бөлмесі;

рентгенологиялық кабинет (ол болмаған кезде пациентті зерттеп-қарау травматологиялық пункті орналасқан денсаулық сақтау ұйымының рентгенологиялық кабинетінде жүргізіледі);

травмпункт меңгерушісінің кабинеті; ординаторлық;

мейіргерлік; инвентарлық кабинет;

аға мейіргер кабинеті бар.

Травмпункт 2-қосымшаға сәйкес медициналық бұйымдармен қамтамасыз етіледі.

Кезек күттірмейтін травматологиялық көмекке жүгінген пациенттің тұрғылықты жеріне қарамастан көрсетіледі.

Травмпункте кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету үшін мынадай жай-күйлер көрсетілімдер болып табылады:

сіңірлердің, бұлшықеттердің, нерв діңінің және ірі тамырлардың зақымдануынсыз жұмсақ тіндерінің инфекция түспеген жараларында, зардап шеккен адамның жалпы қанағаттанарлық жағдайында;

қол-аяқтың жұмсақ тіндерінің, кеуденің, омыртқа бағанының соғылуы;

жұмсақ тіндердің соғылуы, гемартрозбен асқынбаған буындардың байламдың аппаратының созылуы;

қолдардың, саусақтары мен аяқ бастары буындарының травматикалық шығып кетуі (наркозды қажет етпейтін балаларда);

өкпеқабы зақымданбай қабырғалардың жеке сынулары;

сүйектердің жабық сынулары (ығысусыз немесе репозиция мен ұстап қалынатын сынықтардың ығысуымен, балаларда ығысусыз, наркозды талап етпейтін сынуларда ғана);

балалардың сынықтарын қоспағанда, амбулаториялық жағдайда кейіннен емдеумен және байқаумен, жабық репозицияға және сыммен бекітуге берілетін сынулар;

амбулаториялық жағдайда алып тастауға болатын жұмсақ тіндердің бөгде денелері;

алақан-фалангалық буындар деңгейінде экзартикуляцияны талап етпейтін бір-екі саусақ фалангаларының жарақаттық ампутациясы;

жергілікті тіндермен тері пластикасын талап ететін, бірақ стационарлық емдеуге жатпайтын жұмсақ тіндердің ақауы бар жаралар;

балалардың сіңірлерінің зақымдануын қоспағанда, стационарлық емдеуге жатпайтын саусақ басы және (немесе) аяқ басы саусақтарының сіңір зақымданғаны бар жаралар;

зақымданудың жасы мен тереңдігін ескере отырып, балаларда хирургиялық араласуды қажет етпейтін шектеулі күйіктер (дене бетінің 5 %-нан аз).

Жарақат алған пациент (ересек, бала) жарақат алған сәттен бастап 3 (үш) тәулікке дейін травмпунктке жүгінеді және (немесе) жедел медициналық жәрдем арқылы түседі. Травмпунктке жәбірленушінің жалпы жағдайы, травматологиялық- ортопедиялық мәртебесі бағаланады, қажетті зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізіледі, кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетіледі.

Пациентке көрсетілімдер бойынша кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетілгеннен кейін пациент мамандандырылған медициналық көмек алу үшін бейінді стационарға жіберіледі.»;

52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«52. Өңірлендірудің бірінші, екінші және үшінші деңгейлеріндегі медициналық ұйымдарда тиісті материалдық-техникалық жарақтандырылуы және мамандардың біліктілігі (сертификатталуы) болған кезде 3-қосымшаға сәйкес тізбеде бар барлық операциялық араласулар жүргізіледі.»;

мынадай мазмұндағы 6-тараумен толықтырылсын:

«6-тарау. Күйігі бар пациенттерге медициналық көмек көрсету тәртібі
53. Күйік кезінде медициналық көмек:

1) амбулаториялық жағдайларда және хирургиялық емдеуді қажет етпейтін дене бетінің 10 %-ға дейін (балаларда – дене бетінің 5 %-ға дейін) зақымдану аймағы бар I-II дәрежелі күйіктердің профилактикасы, диагностикасы, емдеу жөніндегі іс-шараларды, күйіктен кейінгі тыртық деформациялар мен тіндердің ақаулары бар пациенттерді медициналық оңалтуды қамтиды;

2) стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда және диагностиканың арнайы әдістері мен медициналық технологияларды қолдануды қажет ететін күйіктерді, күйік ауруын және оның асқынуларын, күйіктен кейінгі тыртық деформацияларын және тіндердің ақауларын диагностикалау, емдеу, оңалту жөніндегі іс-шараларды қамтып көрсетіледі.

54. Стационарлық жағдайда күйіктері бар пациенттерді емдеу үшін бірінші деңгейдегі өңірлік медициналық ұйымдардың хирургиялық бөлімшелерінің құрамында күйік (комбустиологиялық) төсектері, екінші және үшінші деңгейдегі өңірлік медициналық ұйымдардың құрамында күйік бөлімшелері (орталықтары) ұйымдастырылады.

55. Күйік бөлімі мынадай функцияларды орындайды:

1) күйік, электрден жарақаттану, күйіктен кейінгі тыртық деформациясы және тіндердің ақаулары кезінде комбустиология бейіні бойынша мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету;

2) күйігі бар пациенттерді динамикалық байқау;

3) күйік ауруының асқынуын емдеу;

4) медициналық оңалту бойынша кешенді іс-шаралар жүргізу;

5) күйіктерді диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша басқа медициналық ұйымдардың мамандарына консультациялық көмек көрсету;

6) күйік және күйік салдары, күйік аурулары бар пациенттерді емдеу кезінде медициналық ұйымдар арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету;

7) күйік кезінде медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мәселелері бойынша медициналық ұйымдармен ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс;

8) күйік жарақатын талдау және оның профилактикасы бойынша ұсыныстар әзірлеу;

9) консультацияларды ұйымдастыру және өткізу және (немесе) консилиумына қатысу, оның ішінде қашықтықтан медициналық қызметтерді қолдану;

10) есепке алу және есептік құжаттаманы жүргізу.

56. Мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін, оның ішінде күйік орталығында (бөлімшесінде) ЖТМҚ қолдана отырып медициналық көрсетілімдер мыналар болып табылады:

дене бетінің 15% зақымдану аумағымен I-II дәрежелі күйіктер (балаларда дене бетінің 5 %);

I-II, ІІІА дәрежелі күйіктер, зақымдану аумағы дене бетінің 10 %-дан аз (балаларда дене бетінің 5 %-дан аз) ерекше орналасқан (бас, бет, оның ішінде көру ағзасының күйіктерімен қатар), қол, аяқ, бұтарасы, жыныс мүшелері, мойын және ірі буындар аумағы), асқынулардың немесе қосарласқан патологияның болуы;

аумағы мен орналасуына қарамастан ІІІБ-IV дәрежелі күйіктер;

жүрек бұлшықетінің бұзылуы және есін жоғалту анамнезі бар электрлік жарақаттану салдарынан болған терінің күйіктері;

химиялық заттардың әрекетінің салдарынан болған терінің күйіктері; ингаляциялық жарақаттан болған күйіктер;

I-II-III дәрежелі термиялық және химиялық күйіктер, дене бетінің 30 % зақымдану және әртүрлі аумағында орналасқан, оның ішінде ингаляциялық жарақатпен және ауыр инфекциялық асқынулардың (пневмония, сепсис) дамуымен болған;

радиациялық күйіктер (оның ішінде сәулелік терапиядан кейін);

күйіктен кейінгі тыртық деформациялары және әртүрлі орналасқан тіндердің ақаулары;

трофикалық ойықжаралар және әртүрлі этиологиялардың жарақаттары соның ішінде тері ақауын жабу үшін жауыржаралар;

жарақаттан кейінгі тыртық деформациясы және әртүрлі орналасқан тіндердің ақаулары;

кезеңдік реконструктивті-пластикалық операцияларды қажет ететін әртүрлі аумағында орналасқан күйіктен кейінгі тыртық деформациялары мен тіндердің ақаулары.

57. II - III дәрежелі күйігі бар пациенттер дене бетінің 20 %-дан асқан, III дәрежелі күйіктері бар ересектердегі дене бетінің 10 %-дан асқан, II-III дәрежелі күйіктері дене бетінің 10 %-дан асқан, III дәрежелі күйік шокының дамуы кезінде балалардағы дене бетінің 5 %-дан асқан, тыныс алу функциясы жеткіліксіздігінің дамуымен ингаляциялық жарақаттар, өмірге қауіп төндіретін басқа да жағдайлармен қосарласқан жүрек-қан тамырлары функциясы жеткіліксіздігінің дамуымен электрлік жарақат алған салдары кезінде пациенттер анестезиология және реанимация бөлімшелеріне жіберіледі.

Өмірге қауіп төндіретін жағдайлар жойылғаннан кейін пациенттер медициналық ұйымның күйік орталығына (бөлімшесіне) ауыстырылады (тасымалданады).»;

осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген Стандартқа 1-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген Стандартқа 2-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Стандартқа 3-қосымшамен мынадай редакцияда толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният.

БҰЙРЫҚПЕН ТАНЫСУ.

Read 1585 times

ҚҰЖАТТАР

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top