Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Жексенбі, 29 Қазан 2023

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 13 қазандағы № 154 бұйрығы Featured

Rate this item
(0 votes)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-193/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21640 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу қағидаларында:

12-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

"7) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын өнімнің мониторингі (бұдан әрі – 7-қосымша).";

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"17. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының филиалдары, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік ұйым филиалдарының қалалық және аудандық бөлімшелері:

1) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу туралы нұсқамалар бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын өнімге қатысты санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде өнімнің сынамаларын іріктеуді, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес зертханалық және аспаптық зерттеулерді жүргізеді, жүргізілген зерттеулер туралы деректерді жинауды, оларды алғашқы өңдеуді жүзеге асырады;

2) аудандық, облыстық деңгейлердегі тиісті аумақтардағы, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне жүргізілген зерттеулер бөлігінде деректерді осы Қағидалардың (1) тармақшасын қоспағанда) осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген мерзімдерге дейін 3 жұмыс күні бұрын 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес береді.";

18-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"2) филиалдардың аудандық бөлімшелері және облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының филиалдары ұсынған ақпаратты жинауды және жүйелеуді жүргізеді, тексерулер нәтижелері бойынша өз құзыреті шегінде жүргізілген іс-шаралар бөлігінде ақпаратты толықтырады;";

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"20. Мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері облыстық деңгейде санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жөніндегі жиынтық ақпаратты "ҚДСҰО" ШЖҚ-дағы РМК "СЭСжМҒПО"-ның филиалына:

1) 1-қосымшаға сәйкес апта сайын жұма күндері сағат 17.00-ге дейін;

2) 1, 2-қосымшаларға сәйкес ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 1-ші күніне;

3) 1, 2-қосымшаларға сәйкес тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-ші күніне;

4) 3, 4-қосымшаларға сәйкес тоқсан сайын тоқсанның соңғы айының 20-на дейін,;

5) 1, 2-қосымшаларға сәйкес жарты жылда бір рет есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 5-ші күніне;

6) 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес жарты жылда бір рет, жарты жылдың соңғы айының 20-на дейін,;

7) 1, 2-қосымшаларға сәйкес жылына бір рет есепті жылдан кейінгі айдың 5-ші күніне өсу ретімен;

8) 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес жылына бір рет жылдың соңғы айының 20-на дейін өсу ретімен;

9) 7-қосымшаға сәйкес ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне жібереді.";

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"21. "ҚДСҰО" ШЖҚ-дағы РМК "СЭСжМҒПО" санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жөніндегі ақпаратты Комитетке:

1) 1-қосымшаға сәйкес апта сайын дүйсенбі күндері сағат 10.00-ге дейін;

2) 1, 2-қосымшаларға сәйкес ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне;

3) 1, 2-қосымшаларға сәйкес тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1-ші күніне;

4) 3, 4-қосымшаларға сәйкес тоқсан сайын, тоқсанның соңғы айының 25-не қарай,;

5) 1, 2-қосымшаларға сәйкес жарты жылда бір рет есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 1-күніне;

6) 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес жарты жылда бір рет, жарты жылдың соңғы айының 25-не дейін;

7) 1, 2-қосымшаларға сәйкес жылына бір рет есепті жылдан кейінгі айдың 10-күніне өсу ретімен;

8) 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес жылына бір рет жылдың соңғы айының 25-не дейін өсу ретімен жібереді.";

осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда 7-қосымшамен толықтырылсын.

2."Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-334/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22007 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларында:

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"12. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу туралы нұсқаманы (бұдан әрі – Нұсқама) электр-магниттік өрістерге, қоршаған ортаның физикалық факторларына өлшеулер, радиологиялық өлшеулер (бұдан әрі – өлшеулер) және санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде өнімге сараптама жүргізу үшін лауазымды адам шығарады.";

14-тармақ мынадай мынадай редакцияда жазылсын:

"14. Өлшеулер жүргізу үшін тексерілетін субъектінің лауазымды тұлғасының, басшысының немесе өкілінің немесе тексерілетін субъектінің уәкілетті адамының міндетті түрде қатысуымен Ұйымның қызметкерлері тартылады және Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілетін нысан бойынша өлшеулер хаттамасымен куәландырылады.

Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын өнімге қатысты нұсқама бойынша өнім сынамаларын алуды Ұйым қызметкерлері жүргізеді және өнімді сатып алу фактісін растайтын құжатпен куәландырылады.";

15-тармақ мынадай мынадай редакцияда жазылсын:

"15. Өлшеулер хаттамасы үш данада жасалады. Өлшеулер хаттамасының бірінші данасы лауазымды тұлғаның нұсқамасы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін Ұйымға жіберіледі. Өлшеулер хаттамасының екінші данасы тексерілетін субъектінің басшысында қалады. Өлшеулер хаттамасының үшінші данасы лауазымды тұлғада сақталады.

Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын өнімге қатысты санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг қорытындылары бойынша өнімді санитариялық-эпидемиологиялық сараптау хаттамасы екі данада жасалады. Хаттаманың бірінші данасы Ұйымда қалады, хаттаманың екінші данасы нұсқама берген лауазымды адамда сақталады.";

4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният
"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

БҰЙРЫҚПЕН ТАНЫСУ.

Read 1533 times

ҚҰЖАТТАР

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top