Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Жұма, 18 Тамыз 2023

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 16 тамыздағы № 488 бұйрығы Featured

Rate this item
(0 votes)

Бірыңғай дистрибьюторды айқындау туралы.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 9-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірыңғай дистрибьютор болып айқындалсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Т. Сұлтанғазиев.

Read 1025 times

ҚҰЖАТТАР

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top