Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Дүйсенбі, 14 Тамыз 2023

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 465 бұйрығы Featured

Rate this item
(0 votes)

«Дәрілік заттың саудалық атауына өндірушінің шекті бағаларын, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 тамыздағы №ҚР ДСМ-94 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы.

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Дәрілік заттың саудалық атауына өндірушінің шекті бағаларын, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 тамыздағы № ҚР ДСМ-94 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24229 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген Дәрілік заттың саудалық атауына өндірушінің шекті бағалары, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағалар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күннің ішінде оның электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі     А. Ғиният

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі

БҰЙРЫҚПЕН ТАНЫСУ.

Read 1297 times

ҚҰЖАТТАР

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top