Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған арнайы құқық субъектісі жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі
2023 жылғы 31 шілдедегі № 140 Бұйрыққа қосымша
Арнайы құқық субъектісі жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
1. «Қазақстан халқына» Қоғамдық әлеуметтік қоры сатып алатын дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өтеусіз негізде сақтау және тасымалдау.
2. Қазақстан Республикасына гуманитарлық көмек ретінде жіберілетін дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өтеусіз негізде қабылдау, сақтау және тасымалдау.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 тамызда № 33231 болып тіркелді.