Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Бейсенбі, 27 Шілде 2023

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі МФБК төрағасының міндетін атқарушы 2023 жылғы 24 шілде № 271-НҚ БҰЙРЫҒЫ

Rate this item
(0 votes)

«Амбро, инъекцияға арналған ерітінді, 15 мг/2 мл» дәрілік препаратының тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және Еуразиялық экономикалық одақтың тіркелген дәрілік заттардың бірыңғай тізілімінен шығару туралы. 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 259-бабына және Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 78 шешімімен бекітілген медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу және сараптау қағидаларының 160-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Амбро, инъекцияға арналған ерітінді, 15 мг/2 мл», өндірушісі «Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, дәрілік препаратының тіркеу куәлігі ЛП-№000375-РГ-KZ кері қайтарып алынсын және Еуразиялық экономикалық одақтың тіркелген дәрілік заттардың бірыңғай тізілімінен шығарылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.

3. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

3) Комитетіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 4 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Қолданылуы, өткізілуі немесе өндірілуі тоқтатылған, тыйым салынған немесе шектелген немесе айналыстан алып қоюға тиіс дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сериясы (партиясы) немесе сериялары (партиялары) бар субъект оларды қайтару қажеттілігі туралы хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде расталған құжаттарды бере отырып, өндірушіге, дистрибьюторға қайтару туралы тиісті ақпаратты аумақтық бөлімшеге жібереді.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің төраға орынбасары Л. Р. Қашқымбаеваға жүктелсін.

6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негіздеме: «Химфарм» АҚ-ның 2023 жылғы 4 шілдедегі № 1062 хаты. 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Л. Ахметнияз.

Read 455 times

ҚҰЖАТТАР

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top