Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Сәрсенбі, 19 Шілде 2023

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 1 шiлдедегi № 122 бұйрығы Featured

Rate this item
(1 Vote)

Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландырудан өткізу қағидаларын және жазасын өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ--58 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы.

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландырудан өткізу қағидаларын және жазасын өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-58 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28667 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

осы бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландырудан өткізу қағидаларында;

1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды (бұдан әрі– сотталған) медициналық куәландырудан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 59-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға немесе жазасын өтеуді кейінге қалдыруға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландырудан (бұдан әрі – Куәландыру) өткізу тәртібін айқындайды»
5- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Сотталғанды куәландыру осы бұйрыққа 2 - қосымшаға сәйкес жазасын өтеуден босатуға немесе жазасын өтеуді кейінге қалдыруға негіз болып табылатын аурулардың тізбесінде (бұдан әрі–Тізбе) көзделген сотталғанда аурулары болған кезде жүзеге асырылады».

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі          А. Ғиният

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 шiлдеде № 33010 болып тіркелді.

БҰЙРЫҚПЕН ТАНЫСУ.

Read 1046 times

ҚҰЖАТТАР

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top