Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Дүйсенбі, 10 Шілде 2023

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 118 бұйрығы Featured

Rate this item
(0 votes)

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-291/2020 бұйрығына және «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-321/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы.

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-291/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21831 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"38. Жедел медициналық көмек көрсеткені үшін қызметтер берушіге ақы төлеу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

1) білікті мамандарды және (немесе) пациентті санитариялық көлікпен тасымалдауға байланысты жедел медициналық көмек және медициналық көмек көрсетуге арналған жан басына шаққандағы норматив бойынша.

2) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен көзделген мөлшерлер бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларда жұмыс істегені және оны жұқтыру қаупі үшін COVID-19 коронавирус диагнозы расталған бір және одан да көп пациент болған кезде нақты жұмыс ауысымдарына қосымша ақы төлеуге";

3) жедел медициналық жәрдем станцияларының жүргізушілеріне ерекше еңбек жағдайлары үшін базалық лауазымдық айлықақының 200% мөлшерінде қосымша ақы төлеуге.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін 86-қосымшаға сәйкес базалық лауазымдық айлықақының 200% мөлшерінде ерекше еңбек жағдайлары үшін жедел медициналық көмек станцияларының жүргізушілеріне қосымша ақы төлеу жөніндегі есепті қорға ұсынады";

47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"47. Бекітілген халыққа амбулаториялық жағдайларда МСАК және мамандандырылған медициналық көмек көрсететін өнім беруші - денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу (бұдан әрі – АЕК қызметтері) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген сома шегінде жүзеге асырылады:

1) бекітілген халыққа АЕК қызметтерін көрсету;

2) шақыртулардың 4 жеделдік санатына қызмет көрсету үшін бекітілген халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету;

3) мамандандырылған емдік ақуызы төмен өнімдермен және құрамында фенилаланині аз өнімдермен қамтамасыз ету;

4) қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін МСАК субъектілерін ірілендіру;

5) "Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21572 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығы) және "Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27833 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-37 бұйрығы) ауыл халқы қатарындағы адамдардың қосымша нысаналы топтары үшін скринингтік зерттеулер жүргізу;

6) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары жанындағы жедел медициналық көмек бөлімшелерінің (мобильді бригадалардың) жүргізушілеріне еңбек жағдайлары үшін базалық лауазымдық жалақының 200% мөлшерінде қосымша ақы төлеуге.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мемлекеттік денсаулық сақтауды жергілікті басқару органдары ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін 86-қосымшаға сәйкес базалық лауазымдық айлықақының 200% мөлшерінде ерекше еңбек жағдайлары үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары жанындағы жедел медициналық көмек бөлімшелерінің (мобильді бригадалардың) жүргізушілеріне қосымша ақы төлеу жөніндегі есепті қорға ұсынады."

83-тармақты алып тастау;

көрсетілген Қағидаларға 1-1, 2, 3, 4, 8, 9, 10, 11, 16, 17-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

11-қосымшаға сәйкес 86-қосымшамен толықтырылсын.

2. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № KV ДСМ-321/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21904 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 99) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

Қағидалардың 1-қосымшасымен бекітілген ақаулардың бірыңғай жіктеуіші осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 маусымда № 32914 болып тіркелді.

БҰЙРЫҚПЕН ТАНЫСУ.

Read 1745 times

ҚҰЖАТТАР

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top