Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Сенбі, 22 Сәуір 2023

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 73 бұйрығы

Rate this item
(0 votes)

«Көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-150 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы.

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-150 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30944 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.

ҚҰЖАТТЫ ОҚЫҢЫЗ

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 сәуірде № 32318 болып тіркелді.

Read 1579 times

ҚҰЖАТТАР

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top