Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Сейсенбі, 04 Сәуір 2023

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 29 наурыздағы № 46 бұйрығы

Rate this item
(0 votes)

«Денсаулық сақтау саласындағы статистикалық байқауды жүзеге асыру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы статистикалық есепке алу мен есептілік нысандарын, оларды жүргізу, толтыру тәртібін және ұсыну мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-235/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы.

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Денсаулық сақтау саласындағы статистикалық байқауды жүзеге асыру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы статистикалық есепке алу мен есептілік нысандарын, оларды жүргізу, толтыру тәртібін және ұсыну мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-235/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21735 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы статистикалық байқауды жүзеге асыру қағидалары, денсаулық сақтау саласындағы статистикалық есепке алу мен есептілік нысандары, оларды жүргізу, толтыру тәртібі және ұсыну мерзімдері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният.

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы.

ҚҰЖАТТЫ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ.

Read 947 times

ҚҰЖАТТАР

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top