Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу қағидаларының 2-тармағының 9) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес дәрілік заттардың қолданылуы мен өткзілуі тоқтата тұрылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2020 жылғы 18 наурыздағы № 18-27-247/402 хаты.
Төраға Л. Бюрабекова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті
төрағасының
2020 жылғы 21 сәуірдегі № 136-НҚ бұйрығы
ақпандағы бұйрығына қосымша
Қолданылуы мен өткізілуі тоқтата тұрылуға тиісті дәрілік заттардың тізбесі
№ |
Тіркеу куәлігінің нөмірі |
Берілген күні |
Дәрілік заттың атауы (дәрілік нысаны, дозасы) |
Өндіруші, елі |
Тіркеу куәлігінің иесі, елі |
1 |
ҚР-БП- 5№022385 |
23.09.2016 |
Ксеомин,50 бірл. инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат |
Мерц Фарма ГмбХ и Ко.КГаА, Германия |
Мерц Фармасьютикалс ГмбХ, Германия |
2 |
ҚР-БП- 5№022386 |
23.09.2016 |
Ксеомин,100 бірл. инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат |
Мерц Фарма ГмбХ и Ко.КГаА, Германия |
Мерц Фармасьютикалс ГмбХ, Германия |
Согласовано
21.04.2020 15:40 Тилесова Айгуль Шарапатовна
21.04.2020 16:04 Байтубаев Еркебулан Нургалиевич
21.04.2020 16:15 Имамбекова Майя Болатовна
21.04.2020 16:42 Ахметниязова Лаура Мустафьевна
Подписано
21.04.2020 17:00 Бюрабекова Людмила Витальевна