Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Сейсенбі, 28 Қаңтар 2020

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ТКҚСҚБ Комитетінің төрағасының 2020 жылғы 24 қаңтардағы №29 БҰЙРЫҒЫ

Rate this item
(0 votes)

Кейбір дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтату туралы 

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 71-бабының 17-тармағына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу қағидаларының 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуы тоқтатылсын және кері қайтарылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті бақылау және интеграциялау басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының орынбасары Н.Ә. Асылбековке жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негіз: «Санофи-авентис Казахстан» ЖШС-нің 2020 жылғы 5 қаңтардағы № Р0005-01-2020 және № Р0008-01-2020 хаттары.

Төраға                         Л. Бюрабекова   

Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрлігі

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің

 сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті

төрағасының

 2020 жылғы 24 қаңтардағы

№ 29 бұйрығына

қосымша

Қолданылуы тоқтатылған дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің тізбесі 

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Берілген күні

Дәрілік заттың атауы (дәрілік нысаны, дозасы)

Өндіруші, елі

Тіркеу куәлігінің иесі, елі

1

ҚР-ДЗ-

5№023009

02.06.2017 ж.

Апроваск® үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 300 мг/ 5 мг

Санофи-Авентис ДЕ Мексико С.А. де С.В., Мексика

Санофи-Авентис ДЕ Мексико С.А. де С.В., Мексика

2

ҚР-ДЗ-

5№023010

02.06.2017 ж.

Апроваск® үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 150 мг/ 5 мг

Санофи-Авентис ДЕ Мексико С.А. де С.В., Мексика

Санофи-Авентис ДЕ Мексико С.А. де С.В., Мексика

3

ҚР-ДЗ-

5№003365

19.05.2016 ж.

Флудара® үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар,10 мг

Дельфарм Лилль С.А.С., Франция

Джензайм Европа Б.В., Нидерланды

Read 2092 times

ҚҰЖАТТАР

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top