Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Сәрсенбі, 08 Қаңтар 2020

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ТКҚСҚБК төрағасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 335 БҰЙРЫҒЫ

Rate this item
(1 Vote)

Кейбір дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтату және айналыстан алып қою туралы 

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 71-бабының 17-тармағына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу қағидаларының 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуы тоқтатылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – Комитеттің аумақтық бөлімшелері) осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күнінің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

3) осы бұйрықты алған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген дәрілік заттарды айналыстан алып қою бойынша тиісті шаралар жүргізуді;

4) күнтізбелік үш күннің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының орынбасары Н.Ә. Асылбековке жүктелсін. 

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негіз: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ың 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 18-16-677/2308 хаты, 2019 жылғы 19 желтоқсандағы сараптама қорытындысы.

Төраға             Л. Бюрабекова 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрлігі

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің

 сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті

төрағасының

2019 жылғы 27 желтоқсандағы

№ 335 бұйрығына қосымша

Қолданылуы тоқтатылған дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің тізбесі

 

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Берілген күні

Дәрілік заттың атауы (дәрілік нысаны, дозасы)

Өндіруші, елі

Тіркеу куәлігінің иесі, елі

1

ҚР-ДЗ-5№010467

15.12.2017 ж.

Аскорил Эспекторант, сироп

Гленмарк Фармасьютикалз Лтд, Үндістан

Гленмарк Фармасьютикалз Лтд, Үндістан

2

ҚР-ДЗ-5№021601

28.08.2015 ж.

Аскорил, таблеткалар

Гленмарк Фармасьютикалз Лтд, Үндістан

Гленмарк Фармасьютикалз Лтд, Үндістан

3

ҚР-ДЗ-5№023820

10.09.2018 ж.

Бронхо-Док, шәрбет

Линколн Фармацеутикалс Лимитед, Үндістан

A Square Remedies Private Limited, Үндістан

4

ҚР-ДЗ-5№013240

17.08.2015 ж.

Джосет ®, шәрбет

Юник Фармасьютикал Лабораториз («Дж.Б. Кемикалс энд Фармасьютикалс Лтд» фирмасының бөлімшесі), Үндістан

Юник Фармасьютикал Лабораториз («Дж.Б. Кемикалс энд Фармасьютикалс Лтд» фирмасының бөлімшесі), Үндістан

Read 2117 times

ҚҰЖАТТАР

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top