Іс-шара спикерлері АҚШ Фармакопеялық конвенциясының, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің әртүрлі бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан, Әзербайжан, Түркия және басқа елдердің реттеуші органдарының бірінші тұлғалары мен өкілдері, сондай-ақ фармацевтикалық сала өндірушілері мен қауымдастықтары болады.
Конференцияның бірінші күні конференцияғақатысушы елдердің реттеуші органдары үшін, ал екінші күні фармацевтикалық нарық субъектілері үшін сессиялар жоспарланған.
Мәселен, 20 қыркүйекте ұлттық реттеуші органдар қызметінің негізгі бағыттары, даму келешектері мен өзара іс-қимылы, сондай-ақ дәрілік заттар сапасын бағалаудың заманауи тәсілдері талқыланатын болады.
Келесі күні дәрілік заттар сапасының фармакопеялық стандарттарын, фармацевтикалық өндірістің өзекті мәселелерін және дәрілік заттардың сапасын қарастыруға арналады.
Конференция аралас форматта өтеді: офлайн (әр ұйымнан 2-3 дейін қатысушылар саны шектеулі) және онлайн (шектеусіз) режимдерде). Қосылу сілтемесі қосымша хабарланады.
Конференцияға қатысу https://go.usp.org/customer-event-almaty23 сілтемесі бойынша алдын ала тіркелу арқылы тегін.
Қатысушыларды тіркеуді және олардың санын есептеуді АҚШ Фармакопеялық конвенциясының ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады. Тіркеуге арналған нысан ілеспе хатта жеке электрондық пошта мен қатысу нысанының көрсетілуіменағылшын тілінде толтырылады.
Конференция бағдарламасы және өтетін орны қосымша хабарланатын болады.
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:
тел.:+7 7071375225, +7 777357 97 07
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.