Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Бейсенбі, 27 Сәуір 2023

Қазақстанда алғаш рет медициналық қауіпсіздік мен тәуекелдерге арналған Халықаралық форум өтеді

dolce 04 202319 мамырда Алматыда елімізде бірінші рет «Қауіпсіздік және тәуекелдер. Жаһандық сынақтар. Олардың алдын алу мүмкіндіктері атты халықаралық форум өткізіледі. Шараны ұйымдастырушылар Қазақстандағы ең ірі медициналық құрылғылар өндірушісі «DOLCE-PHARM» брендімен «DOLCE GROUP» компаниясы.

Форумның мақсаты – әртүрлі елдердің медицина мамандары арасында тәжірибе алмасу және салалық қауіпсіздік пен тәуекелдер, оның ішінде төтенше жағдайларда, сондай-ақ салалық қауіпсіздік саласындағы ең оңтайлы шешімдерді іздеу арқылы қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру,ел үшін қауіпсіздік қажеттілігі ретінде индустрияландыруды дамыту. Шараға медицина саласындағы танымал халықаралық сарапшылар, мемлекеттік органдар мен еліміздің жетекші БАҚ өкілдерін қосқанда жүздеген делегат қатысады.

Форум аясында 3 панельдік сессия жоспарланған: «Медицинадағы қауіпсіздік және тәуекелдер», «Төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік және тәуекелдер», «Индустрияландыруды дамыту ел қауіпсіздігінің қажеттілігі ретінде».

Сонымен қатар, сарапшылар пандемияның бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйесіне үйреткен сабақтарын талқылайды. Мамандар индустрияландыру және отандық тауар өндірушілерді қолдау тақырыптарына да тоқталатын болады.

Форум 2023 жылдың 19 мамырында Тимирязев көшесі, 42 мекенжайында өтеді.

БАҚ-ты тіркеу сағат 13.00.

Тіркеу 13: 00, басталуы 14:00.

Аккредиттеу сұрақтары бойынша:
@elzada.duisen
+7-778-111-78-54.

Read 2965 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top