Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Әрбір сөз - жақсы өмір үшін!

Дүйсенбі, 18 Қыркүйек 2023

2023 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстан 694,2 миллион долларға дәрі-дәрмек импорттады

tabl 06 2022 01 600Биыл қаңтар–шілдеде елімізде негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі бір жыл бұрынғы 90,7 млрд теңгемен салыстырғанда 86,7 млрд теңгені құрады. Ақшалай көрсеткіштің жылдық төмендеуі 4,4%. Өнеркәсіп өндірісінің индексі 97,8%.

Өңірлер бойынша ең көп өнім көлемі Шымкентке тиесілі: бір жыл бұрынғы 32,7 млрд теңгемен салыстырғанда 26,9 млрд теңге. Екінші және үшінші орында Алматы облысы (25,3 млрд теңге) және Алматы (16,2 млрд теңге) қалалары тұр.

80,7 млрд теңгеге фармацевтикалық препараттар, 3,6 млрд теңгеге негізгі фармацевтикалық өнімдер, 2,4 млрд теңгеге ветеринарияға арналған дәрілік заттар өндірілді.

2023 жылдың қаңтар–маусымында Қазақстан 694,2 млн АҚШ долларына 13,9 мың тонна дәрі-дәрмек импорттады. Физикалық мәнде өсім 11,9%, ақшалай керісінше, 3,7% төмендеген.

ҚР-ға ТМД елдерінен 62,7 млн АҚШ долларына 4 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Ең көп Ресейден әкелінді: 2,9 мың тонна — былтырғыдан 14,7% аз. Негізгі бес жеткізушілердің қатарына Беларусь, Украина, Өзбекстан және Молдова кірді.

ТМД-дан тыс елдерден Қазақстанға 631,5 млн АҚШ долларына 9,9 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Мұнда жетекші жеткізушілер Қытай (2,2 мың тонна), Германия (1,3 мың тонна) және Үндістан (1,2 мың тонна).

Биыл тамыздың соңында ҚР-да фармацевтикалық өнімдердің бағасы бір айда 0,3%, бір жылда 9,8% өсті.

Ай сайынғы динамика бойынша бағаның ең көп өсімі Ақмола облысында (1,3%), ең азы Алматы, Жамбыл және Қостанай облыстарында (әр облыста 0,1% ғана) тіркелді. Тағы екі облыста — Абай мен Павлодарда баға бұрынғы деңгейде қалды, ал Батыс Қазақстан (0,3%) және Шығыс Қазақстан (0,7%) облыстарында баға арзандады.

Жылдық динамика бойынша бағаның ең көп өсімі Алматы (16,6%), Ұлытау (14,7%) және Қызылорда (14,4%) облыстарында, ең азы — Жетісу облысында (4,7%) байқалды. Ешбір аймақта бағаның төмендеуі немесе ең болмағанда бағаны бұрынғы деңгейде ұстап тұру байқалған жоқ.

Дереккөз: https://www.energyprom.kz/ru/a/monitoring/r-da-farmacevtikaly-nim-ndirisi-azajdy.

Read 5199 times

БАЙЛАНЫСТАР

«PharmReview» ЖШС.

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top