Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Контакты редакции: +7 701 799 24 83.

Понедельник, 07 августа 2023

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Төраға орынбасары 2023 жылғы 18 маусым № 30-Қ ҚАУЛЫ

Оцените материал
(0 голосов)

«Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұрудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының Орынбасары – Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторының 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 17-Қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы. 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының Орынбасары – Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторының 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 17-Қ қаулысына қосымша өзгерістер енгізілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеттің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы бақылау басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің иелеріне, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Коммерциялық емес акционерлік қоғамға және «СҚ-Фармация» Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке хабарласын.

3. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2023 жылғы 12 шілдедегі № 25-08-841/И хаты.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Төраға орынбасары –Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторы Л. Кашкымбаева.


Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік фармацевтикалық
инспекторының
2023 жылғы ____ шілдедегі
№ _____ қаулысына
қосымша

Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күші тоқтата тұруға жататын тізбе

№ п/п

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Дәрілік заттың атауы

Өндіруші

Тіркеу куәлігін ұстаушы, ел

Дәрілік түрі

1.      

РК-ЛС-5№018233

Симбиофлор-2

СимбиоФарм ГмбХ

СимбиоФарм ГмбХ., Германия

Ішуге арналған суспензия

2.      

РК-ЛС-5№018231

Симбиофлор-1

СимбиоФарм ГмбХ

СимбиоФарм ГмбХ., Германия

Ішуге арналған суспензия

3.      

РК-ЛС-5№018232

Про-Симбиофлор

СимбиоФарм ГмбХ

СимбиоФарм ГмбХ., Германия

Ішуге арналған суспензия

4.      

РК-ЛС-5№018818

Элигард®

Толмар Инк.

Толмар Инк., Соединённые Штаты Америки

Тері астына енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат еріткішпен жиынтықта, 22.5 мг

5.      

РК-ЛС-5№018819

Элигард®

Толмар Инк.

Толмар Инк., Соединённые Штаты Америки

Тері астына енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат еріткішпен жиынтықта, 45 мг

6.      

РК-ЛС-5№019905

Алакс®

Гербапрол Познаньский завод лекарственных трав АО

Гербапрол Познаньский завод лекарственных трав АО, Польша

Қабықпен қапталған таблеткалар

7.      

РК-ЛС-5№019998

Уросепт®

АО Познаньский завод лекарственных трав Гербапол

АО Познаньский завод лекарственных трав Гербапол, Польша

Қабықпен қапталған таблеткалар

8.      

РК-ЛС-5№020452

Веносмил

ФАЭС ФАРМА, С.А.

ФАЭС ФАРМА, С.А., Испания

Капсулалар 200 мг

9.      

РК-ЛС-5№021113

Флуомизин

Роттендорф Фарма ГмбХ

Мединова АГ Швейцария

Қынаптық таблеткалар,10 мг

10.   

РК-ЛС-5№021433

Хекокур спаг. Пека

ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ

ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ., Германия

Ішуге арналған тамшылар

11.   

РК-ЛС-5№021435

Итирес спаг. Пека

ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ

ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ., Германия

Жақпамай

12.   

РК-ЛС-5№021432

Итирес спаг. Пека

ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ

ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ., Германия

Ішуге арналған тамшылар

13.   

РК-ЛС-5№021612

Хабифак спаг. Пека

ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ

ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ., Германия

Ішуге арналған тамшылар

14.   

РК-ЛС-5№021524

Инфрагил спаг. Пека

ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ

ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ., Германия

Ішуге арналған тамшылар

15.   

РК-ЛС-5№021562

Фламиар спаг. Пека

ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ

ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ., Германия

Жақпамай

16.   

РК-ЛС-5№021447

КУКА

Мултани Фармасьютикалс Лтд

Мултани Фармасьютикалс Лтд., Индия

Жөтелге қарсы шәрбат

17.   

РК-ЛС-5№122095

Асакол

Хаупт Фарма Вюльфинг ГмбХ

Тиллоттс Фарма АГ., Швейцария

Ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар, 400 мг

Просмотров 783 раз

Документы

Реклама

Контакты

ТОО «PharmReview». 

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top