Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Контакты редакции: +7 701 799 24 83.

Пятница, 12 мая 2023

Қазақстанда бірінші халықаралық форумда қауіпсіздік, медицинадағы қауіп және төтенше жағдайлар мәселелері талқыланады

dolce 19 05 2023 11 05 2023 kaz2023 жылдың 19 мамырында Алматыда бірінші халықаралық «Қауіпсіздік және тәуекелдер. Жаһандық сын. Ықтимал ескертулер» форумы өтеді. Форумның мақсаты – әртүрлі елдердің медицина мамандары арасында тәжірибе алмасу және өнеркәсіптік қауіпсіздік пен тәуекелдер, оның ішінде төтенше жағдайлар саласындағы ең оңтайлы шешімдерді іздеу арқылы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру.

Іс-шараға медицина саласындағы танымал халықаралық сарапшылар, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, құрылыс және сақтандыру компанияларының басшылары, «СК-Фармация» ЖШС өкілдері,  Қазақстан Республикасының жағдайлары, Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары қатысады. Форум аясында 3 панельдік сессия жоспарланған: «Медицинадағы қауіпсіздік және тәуекелдер», «Төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік және тәуекелдер», «Елдердің қауіпсіздігі».

Индустрияландыру – болашақта ел қауіпсіздігінің кепілі.

Сарапшылар пандемия бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйелеріне үйреткен сабақтарды талқылайды. Төтенше жағдайлардағы тәуекелдер мен дәрі-дәрмек пен азық-түліктің стратегиялық қорларын ұйымдастыру мәселелеріне басты назар аударылады. Сонымен қатар, форумда еліміздегі индустрияландыру тақырыбы талқыланады.

ІС - ШАРАҒА ТІРКЕЛУ КЕЛЕСІ СІЛТЕМЕДЕ.

ІС - ШАРАНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН КЕЛЕСІ СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ТАНЫСУҒА БОЛАДЫ.

Форум 2023 жылғы 19 мамырда Алматы қ., Тимирязев 42, Бақшасарай сарайы, БАҚ және қатысушыларды аккредиттеу мекенжайы бойынша сағат 13.00-ден бастап өтеді.

Құрметпен, «Инновациялық – индустриялық даму альянсы».

Аккредиттеу сұрақтары бойынша: Елзада Дүйсен +7-778-111-78-54.

Просмотров 1870 раз

Реклама

Контакты

ТОО «PharmReview». 

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top