- медициналық ұйымдарда коронавирустық инфекцияны емдеу үшін рецептілік препараттарды жазып беруге бақылау жүргізуді қамтамасыз ету;
- бөлшек сауда желісінде дәрілік заттарды рецептімен босатуға бақылауды күшейту;
- дәрігердің рецепті және рецептісіз қабылдау бойынша дәрілік заттарды қабылдауды бақылау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту;
- Тұрақтандыру қорларының қаражаты есебінен сатып алынған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың өңір шегінде бөлінуін бақылауды қамтамасыз ету;
- көтерме және бөлшек сауда желісінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың болуына, саны мен бағасына апта сайынғы мониторингті қамтамасыз ету;
- жіберілетін инфографиканы медициналық ұйымдарда және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу объектілерінде (дәріхана, дәріхана пункті) орналастыруды қамтамасыз етсін.
Мерзімдердің тығыздығына байланысты, онкүндік сайынғы бірінші ақпаратты 2020 жылғы 19 қарашадан кешіктірмей ұсынуды сұраймыз.
Вице-министр Е. Қиясов