Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Контакты редакции: +7 701 799 24 83.

Пятница, 22 ноября 2024

Қазақстандық дәріханаларға таңбаланған дәрі-дәрмектермен жұмыс жасау үшін компьютер қажет емес Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ns pharmҚазақстанда дәріханаларға көмектесу үшін NS Pharm тегін мобильді қосымшасы әзірленді. Ол таңбаланған тауармен жұмыс істеуді жеңілдетеді және процесті шағын дәріханаларға, оның ішінде ауылдық жерлердегі, шалғай аудандардағы дәріханалар үшін де қолжетімді етеді. Фармацевтикалық бизнеске арналған заманауи цифрлық шешім барлық заңнамалық талапқа сай, ол жабдық шығындарын азайтады және күрделі IT қолдаудың қажеттілігін жояды.

«Мен енді телефонның көмегімен таңбаланған дәрі-дәрмектермен жұмыс істей аламын. Менде Android телефоны, оған Ismet және NS Pharm қосымшаларын жүктеп қойдым. Құжаттарды екі қосымшада да қабылдаймын. Мұның еш қиындығы жоқ. Енді таңбаланған дәрі-дәрмектермен жұмыс істеу үшін дербес компьютер қажет емес», – деді Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуіл ауылының фармацевті және дәріхана меңгерушісі Динара Төлегенова.

Мобильді қосымша (Play Market, AppStore) енді компанияны толық тіркеуді, соның ішінде офертаға қол қою функциясын қолдайды. Қызметтің соңғы жаңартуларымен пайдаланушыны телефон арқылы тіркеуге болады. Сондай-ақ сервисте есепке алудың ыңғайлылығы үшін тауарды айналымнан шығару туралы құжат жасауға болады.

«Біз интернет жоқ және смартфон ғана қолжетімді ауылдық округтер мен шалғайдағы аудандардағы дәріханалар үшін арнайы NS Pharm мобильді қосымшасын әзірлеп, қолданысқа енгіздік. Оның көмегімен фармацевт тауарды қабылдай алады және құжаттарға тікелей жеке кабинетте қол қоя алады», – деп түсіндірді Тауарларды таңбалау және қадағалаудың бірыңғай операторы жобасының жетекшісі Анар Карибаева.

Қосымшада тауардың сәйкестігін және таңбалау кодын тексеру мүмкіндігі бар. Кодты сканерлеу арқылы оның алынған тауарға сәйкес келетінін, не келмейтінін бірден білуге болады, бұл дәрілік заттардың есебін дәл жүргізу үшін маңызды.

«Мобильді қосымша үнемі жетілдіріліп отырады, дәріханада компьютер болмаса да, өнімді қабылдауға және таңбалауды тексеруге мүмкіндік береді. Бұл жұмысты жеңілдетеді және үдерісті қолжетімді етеді», – деп нақтылады А.Карибаева.

NS Pharm қосымшасы қазақстандық дәріханаларға тауарларды таңбалау және қадағалау талаптарына оңай бейімделуге мүмкіндік береді.

Қосымшамен жұмыс істеу барысындағы дәрі-дәрмектерді тіркеуден бастап таңбалауға дейінгі барлық процесті оқыту роликтерінен көруге болады.
Естеріңізге салайық, Қазақстанда дәрі-дәрмектерді таңбалау жүйесі енгізілген сәттен бастап төрт ай ішінде 66,2 миллион препараттың қаптамасына таңбалау кодтары қолданылды. Оның ішінде 39,3 миллион қаптама импорттық препараттардың, 29,4 миллион – отандық өндірістің үлесіне тиесілі, қазір айналымда 28,5 миллион түрлі дәрі-дәрмек бар.

Просмотров 167 раз

Контакты

ТОО «PharmReview». 

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top