«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 71-бабының 17-тармағына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу қағидаларының 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуы тоқтатылсын және кері қайтарылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негіз: «Элай Лилли Восток С.А.» фармацевтикалық компаниясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 10-3-02 хаты.
Төраға Т. Сұлтанғазиев
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті
төрағасының
2020 жылғы 27 сәуірдегі
№ 140-НҚ бұйрығына
қосымша
Қолданылуы тоқтатылған дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің тізбесі
№ |
Тіркеу куәлігінің нөмірі |
Берілген күні |
Дәрілік заттың атауы (дәрілік нысаны, дозасы) |
Өндіруші, елі |
Тіркеу куәлігінің иесі, елі |
1 |
ҚР-ДЗ- 5№122112 |
04.03.2016 ж. |
Басаглартм, тері астына енгізуге арналған ерітінді 100 ХБ/мл картридж 3 мл, № 5 |
Лилли Франс С.А.С., Франция |
Элай Лилли Восток С.А., Швейцария |
2 |
ҚР-ДЗ- 5№122113 |
04.03.2016 ж. |
Басаглар КвикПентм, тері астына енгізуге арналған ерітінді 100 ХБ/мл, шприц-ручка 3 мл, № 5 |
Лилли Франс С.А.С., Франция |
Элай Лилли Восток С.А., Швейцария |
Согласовано
25.04.2020 13:47 Ахметниязова Лаура Мустафьевна
25.04.2020 14:09 Тилесова Айгуль Шарапатовна
25.04.2020 17:30 Имамбекова Майя Болатовна
25.04.2020 19:02 Байтубаев Еркебулан Нургалиевич
Подписано
27.04.2020 09:02 Султангазиев Тимур Сламжанович