Это старый сайт. Перейдите на НОВЫЙ

 

Контакты редакции: +7 701 799 24 83.

Четверг, 20 февраля 2020

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ТКҚСҚБ Комитетінің төрағасының 2020 жылғы 22 ақпандағы №56 БҰЙРЫҒЫ

Оцените материал
(0 голосов)

Жеке қорғаныш құралдарын әкетуге рұқсат беруге тыйым салу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 81-бабына, «Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 14-ө өкімінің 6-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қытай Халық Республикасында коронавирустық инфекцияның жаңа түрінің (2019-nСоv) өршуінің жариялануына, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайға байланысты және инфекцияның таралуының алдын алу, әлемдегі коронавирустық инфекция бойынша эпидемиялық жағдайдың шиеленісуі кезеңінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында БҮЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасының аумағынан жеке қорғаныш кұралдарын (респираторлар, қорғаныш көзілдіріктері, І-ІІ типті қорғаныш (обаға қарсы) костюмдері немесе бір рет қолданылатын қорғаныш (обаға қарсы) костюмдер, медициналық маскалар, респиратор маскалары, халаттар, қолғаптар) әкетуге рұқсат беруге тыйым салу енгізілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған бағаларды мониторингілеу және талдау басқармасы осы шешім туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сактау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бакылау комитетінің аумақтық бөлімшелерін хабардар етсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылғаң күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Төраға                       Л. Бюрабекова

Просмотров 2128 раз

Документы

Реклама

Контакты

ТОО «PharmReview». 

Тел.: +7 707 738 99 70.

Директор: Ольга Баимбетова

(e-mail: baimbetova.o@mail.ru).

Scroll to top