Версия для печати
Среда, 08 января 2020

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ТКҚСҚБК төрағасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 333 БҰЙРЫҒЫ

Оцените материал
(0 голосов)

Кейбір дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтату туралы

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 71-бабының 17-тармағына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу қағидаларының 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуы тоқтатылсын және кері қайтарылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті бақылау және интеграциялау басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының орынбасары Н.Ә. Асылбековке жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негіз: «Сандоз Фармасьютикалс д.д.» Акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің 2019 жылғы 5 желтоқсандағы № RA-485-12-19 хаты.

Төраға                     Л. Бюрабекова

Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрлігі

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің

 сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті

төрағасының

 2019 жылғы 27 желтоқсандағы

№ 333 бұйрығына

қосымша

Қолданылуы тоқтатылған дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің тізбесі

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Берілген күні

Дәрілік заттың атауы (дәрілік нысаны, дозасы)

Өндіруші, елі

Тіркеу куәлігінің иесі, елі

1

ҚР-ДЗ-

5№121685

08.10.2015 ж.

Метотрексат Сандоз® инъекцияға арналған ерітінді 7,5 мг/ 0,375 мл

ЭБЕВЕ Фарма Гес.м.б.Х, Нфг. КГ, Аустрия

ЭБЕВЕ Фарма Гес.м.б.Х, Нфг. КГ, Аустрия

2

ҚР-ДЗ-

5№121686

08.10.2015 ж.

Метотрексат Сандоз®  инъекцияға арналған ерітінді 10 мг/ 0,5 мл

ЭБЕВЕ Фарма Гес.м.б.Х, Нфг. КГ, Аустрия

ЭБЕВЕ Фарма Гес.м.б.Х, Нфг. КГ, Аустрия

3

ҚР-ДЗ-

5№121687

08.10.2015 ж.

Метотрексат Сандоз® инъекцияға арналған ерітінді 15 мг/ 0,75 мл

ЭБЕВЕ Фарма Гес.м.б.Х, Нфг. КГ, Аустрия

ЭБЕВЕ Фарма Гес.м.б.Х, Нфг. КГ, Аустрия

4

ҚР-ДЗ-

5№121688

08.10.2015 ж.

Метотрексат Сандоз® инъекцияға арналған ерітінді 20 мг/ 1 мл

ЭБЕВЕ Фарма Гес.м.б.Х, Нфг. КГ, Аустрия

ЭБЕВЕ Фарма Гес.м.б.Х, Нфг. КГ, Аустрия

5

ҚР-ДЗ-

5№121689

08.10.2015 ж.

Метотрексат Сандоз® инъекцияға арналған ерітінді 25 мг/ 1,25 мл

ЭБЕВЕ Фарма Гес.м.б.Х, Нфг. КГ, Аустрия

ЭБЕВЕ Фарма Гес.м.б.Х, Нфг. КГ, Аустрия

Результаты согласования
26.12.2019 10:22:18: Тилесова А. Ш. (Управление административно-правового обеспечения и государственных закупок) - - cогласовано без замечаний
26.12.2019 14:33:37: Асылбеков Н. А. (Руководство) - - cогласовано без замечаний
26.12.2019 17:31:19: Имамбекова М. Б. (Управление административно-правового обеспечения и государственных закупок) - - cогласовано без замечаний

Просмотров 2025 раз